Атырауда дарынды жастарға арналған көпфункционалды орталық салынды

(0 Votes)

Атырауда мәдениет және шығармашылық орталығының құрылысы толық аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жоба Атырау қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарын «БатысСтройСервис» ЖШС жүргізді.

Жаңа орталық төрт қабатты заманауи ғимаратта орналасқан. Мұнда жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, түрлі мәдени және білім беру жобаларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.

— Орталықта 80 орындық үлкен зал, 32 орындық кіші зал, 19 орындық конференц-зал, 5 жаттығу кабинеті, сондай-ақ шығармашылық және оқу бөлмелері бар, — деді қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов.

Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары алдағы уақытта орталықта түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер, шеберлік сабақтары мен білім беру жобаларын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT