Демалыс күндері патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізуде.
⚠️ Рейдтік іс-шаралар барысында бір тәулік ішінде мас күйде көлік басқарған 4 жүргізуші анықталды.
Мәселен, 10 қазан күні сағат 02:00-де Берғалиев көшесі бойында Lexus автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында 1985 жылы туған жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
Осыған ұқсас жағдай сағат 01:10-де Қ. Ғаббасов көшелерінің қиылысында орын алды. Мұнда 2004 жылы туған жүргізуші Renault Laguna автокөлігін масаң күйде тізгіндеген.
🚫 Барлық жүргізуші медициналық куәландырудан өткізіліп, көліктері арнайы тұраққа қойылды. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.
📢 Қоғамдық тәртіпті сақтайық! Жолда қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстанайық!




