Атырауда «Atyrau Youth Fellowship» жобасына қабылдау басталды

Атырауда «Atyrau Youth Fellowship» жобасына қабылдау басталды
(0 Votes)

Жобаға 14-35 жас аралығындағы еріктілер қатыса алады. Үміткерлердің мотивациялық эссесі мен портфолиосы сараланып, нәтижесінде үздік деп танылған 15 волонтер іріктеледі.

Іріктеу нәтижесінде 5 қатысушы Грузияға, 5 волонтер Әзербайжанға және тағы 5 жас Астана қаласына тәжірибе алмасу сапарына жолдама алады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Qabilet қоғамдық қоры жобасының менеджері Нелли Төлегенова мәлімдеді.

Жоба Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

- Қатысушылар шетелдік және өңіраралық волонтерлік ұйымдардың жұмысымен танысып, тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады, - деді Нелли Төлегенова.

Өтінім қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT