Атырау жастары  қыш пен киіз өнеріне қызығушылықтарын арттырды

(0 Votes)

Атырау қаласындағы «Atyrau Creative Hub» алаңында түрлі бағыттағы шеберлік сабақтары өтуде. Соның бірі – қыш құмыра жасау және киіз басу өнеріне арналған мастер-кластар.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен бұйым жасап көруге мүмкіндік алуда. Шеберлер әр қатысушыға бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі өнердің ерекшеліктерін түсіндіруде.

“Киіз басу бұл ата-бабамыздан мирас болып қалған құндылық. Сонымен қатар бұл жұмыс ерекше балалардың қол моторикасын дамытуға да үлкен көмегін тигізеді”, - деді қолөнерші Мадина Жұмабекқызы.

Айта кетейік, мастер-кластарға жастар ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысуда. Мұндай шаралар ұлттық өнерді жаңғыртып қана қоймай, жас буынның шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етуде.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT