АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

(0 Votes)

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды.

 Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары аудан аумағында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

 Сапар аясында құрылыс сапасы, жұмыс қарқыны, мердігер мекемелердің жауапкершілігі және жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуы мәселелері қаралды. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатыны атап өтілді.

 Облыс әкімінің орынбасары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жобалардың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT