Атырау қаласында ашылған “Atyrau Creative Hub” алаңында түрлі бағыттағы интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ашылу кеші аясында хабтың Book room кеңістігінде “Ozge lep” кітап клубының қатысуымен арнайы кездесу өтуде.
Іс-шара барысында кітапсүйер қауым интерактивті форматта жүздесіп, әдебиет төңірегінде пікір алмасуда. Сонымен қатар, қатысушылар арасында қызықты викториналық ойындар ұйымдастырылып, олардың білім деңгейі мен ой-өрісі сынға түсуде.
Айта кетейік, “Atyrau Creative Hub” - шығармашылық индустрияларды дамытуға, жасанды интеллектті игеруге және әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған заманауи көпфункционалды алаң. Мұнда келушілерге білім алып, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндік қарастырылған.
Осындай форматтағы іс-шаралар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, креативті ойлау қабілетін дамытуға ықпал етпек.
Ақтілек Базарбаева


