Ақтауда 205 келі бекірені заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Ақтауда 205 келі бекірені заңсыз тасымалдағандар ұсталды
(0 Votes)

Маңғыстау облысында полицейлер 205 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдады деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

28 тамызда Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде оның жүксалғышынан сегіз пакетке салынған 50 дана бекіре табылды. Балықтың жалпы салмағы 205 келі болған.

«Көліктегі екі ер адам полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр», делінген ІІМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда көліктен 277 келі бекіре балығы тәркіленген болатын.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT