Ақ кимешек киген әжелер референдумға қатысты

(0 Votes)

Кенөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылындағы №3 балалар–жасөспірімдер спорт мектебінде орналасқан №255 референдум учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы қалың болды.

Таңертеннен бастап ауыл халқы азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз таңдауын білдіріп жатты. «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің бір топ әжелеріде дауыс берді. Дәстүрлі ақ кимешек киіп, ақ жаулық жамылған аналар референдум учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келді. Шахарман Ерсеитова, «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

 «Отбасы берік болмай, қоғам мықты болмайды. Сондықтан Конституция жобасында отбасы мен ұлттық құндылықтарға қатысты баптар көңілімнен шықты. Жаңа заң жобасында ұлттық кодты сақтау, киелі жерлерді қорғау сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылған. Мұндай құндылықтардың ең жоғары құқықтық деңгейде қорғалуы – ел болашағына салынған инвестиция деп білемін»- деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT