Адалдық пен әділдік – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең басты моральдық этикалық қару.
Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тежеу болатын, мемлекет беделіне нұқсан келтіретін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті мен жауапкершілігі. Еліміздің әрбір азаматы заңды сақтап, құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлес қосылар еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі екендігін атап өткен болатын. Яғни баршамызға сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу қажет деп талап қойды. Ал оны болдырмау мақсатында Қазынашылық органдарында бюджет қаражатының, әсіресе мемлекеттік сатып алу мен құрылыс жобаларында мақсатты, тиімді және ашық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін - қазынашылық сүйемелдеу қолданылады. Ол бюджеттен бөлінген ақшаның делдалсыз, тікелей соңғы орындаушыға жетуін, жұмыстардың нақты орындалуын бақылауды және қаржының жылыстауына жол бермеуді көздейді. Сондай-ақ тәуекелді азайту мақсатында құрылыс және мемлекеттік сатып алу саласындағы қаржылық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл жүйе мемлекеттік қаражатты басқарудағы ашықтықты, цифрландыруды және кірістер мен шығыстарды бақылауды күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар «адам факторын» азайту мақсатында бюджеттің атқарылуы қағазсыз, қаржы операцияларын автоматтандыру жүйесі қалыптастырылған.
Қорытындылай келе, адалдық пен әділдік принциптерін ұстану – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы.
А.Ажденбаева,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары


