Абаттандыру талаптары бақылауда

Абаттандыру талаптары бақылауда
(0 Votes)

Құлсары қаласының аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық орындардың көріктілігін қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау мақсатында кәсіпкерлік нысандарына рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

 Рейд барысында сауда орындары, қызмет көрсету нысандары және басқа да кәсіпкерлік объектілерінің аумақтары зерделеніп, олардың санитарлық жағдайына, тазалығына, іргелес аумақтардың күтіп-ұсталуына, қоқыстардың уақытылы шығарылуына, нысандардың сыртқы келбетіне және абаттандыру талаптарының сақталуына назар аударылуда.

 Сонымен қатар, кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы №282 бұйрығымен бекітілген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының негізгі талаптары түсіндіріліп, өздеріне тиесілі нысандар мен оған іргелес аумақтарды тиісті деңгейде күтіп ұстау қажеттілігі ескертілуде. 

Қала аумағының таза әрі жинақы болуы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне және қолайлы қоғамдық ортаның қалыптасуына ықпал етеді. Осыған байланысты мамандар кәсіпкерлерді өз нысандарына жауапкершілікпен қарап, іргелес аумақтарды таза ұстауға, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюға және қолданыстағы абаттандыру талаптарын тұрақты түрде сақтауға шақырды. Сондай-ақ, берілген ескертулерді белгіленген мерзімде орындамаған және абаттандыру қағидаларының талаптарын сақтамаған кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылып, заңнамада көзделген тәртіппен айыппұл салынатынын да тілге тиек етті. 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT