250 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ

250 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ
(0 Votes)

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Көздіғара ауылдық округі 10 сенбілік ұйымдастырды. Елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсарту, тұрмыстық қатты қалдықтарды ретсіз тастаудың алдын алу және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүргізілген тазалық жұмыстарында 7,5 тонна қоқыс шығарылып, арнайы орынға төгілді. 

Сенбілікке округке қарасты барлық мекеме қызметкерлерінен 90-ға жуық адам және бір трактор тіркемесімен тартылып, ауылдағы барлық көше, мемлекеттік мекемелердің айналасы, Д.Қабесов және А.Декеев атындағы саябақтың іші, кірме жолдың және ауылдың қасынан өтетін «Миялы-Қарабау» тас жолының бойы тазаланды.

Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтар төгетін алаңның айналасына да тазалық жұмыстары жүргізіліп, түйдірілді. Бұдан бөлек тұрғын үйлерде электр желісіне кедергі келтіріп тұрған ағаштар кесіліп, шығарылды. Алдағы уақытта округке қарасты Қосқұлақ және Бүйрек елді мекендерінде де тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ауылды абаттандыру, көгалдандыру мақсатында 200 түп тал көшеті Д.Қабесов атындағы саябаққа егілсе, 50 түп тал Жаңашаруа орта мектебінің ауласына отырғызылды. Тазалық бойынша «Жакупов» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасақталып, ауыл көшелеріне қойылған 12 контейнерде жинақталған түрлі қоқыстарды шығарады.

 Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT