Бүгін ауданымыз үшін қуанышты әрі мақтанышқа толы сәттердің бірі болды.
Қарағанды қаласында дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарып, аудан мерейін асырған Кәусар Нұрпейіске туған жерінде ерекше құрмет көрсетілді.

Жас чемпионды Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаскүйерлері, жақындары және спорт сүйер қауым зор ықыласпен күтіп алды.
Салтанатты шара барысында жеңімпазға гүл шоқтары ұсынылып, жүрекжарды лебіздер айтылды.


Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Теңелбайұлы бұл - тек бір спортшының жеңісі ғана емес, аудан спортының жетістігі, жас ұрпақтың биік мақсатқа ұмтылысының жарқын көрінісі екендігін атап өтті.
Жас болса да үлкен додада топ жарған Кәусардың жеңісі - табандылық пен еңбекқорлықтың нәтижесі екені сөзсіз.


