«Толағай» эстафетасы: белсенді өмір салтына бірге қадам

(0 Votes)

«50+ Ешқашан кеш емес» жобасы аясында қатысушылардың денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру және белсенді өмір салтын қолдау мақсатында «Толағай» эстафетасы ұйымдастырылды.

Эстафетаға 40-тан астам жоба қатысушысы жиналып, бірнеше командалық кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар ептілік пен шапшаңдықты қажет ететін қызықты ойындар мен спорттық тапсырмаларды орындап, командалық сайыстарға белсенді қатысты.

Шара барысында қатысушылар тек спорттық қабілеттерін сынап қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық рухтың үлгісін көрсетті. Әр кезең қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, белсенді қозғалысқа тартуға бағытталды.

«Толағай» эстафетасы — жоба қатысушылары үшін денсаулықты нығайтып қана қоймай, бірге уақыт өткізіп, жаңа қырынан танысуға мүмкіндік берген белсенді шаралардың бірі болды.

«50+ Ешқашан кеш емес» жобасы аясында қатысушылардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға, жаңа дағдыларды игеруіне және әлеуметтік ортада еркін араласуына бағытталған түрлі іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT