Аталған додада ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанты, Қазақстан Республикасының бокстан спорт шебері Бауыржан Әли тәжікстандық боксшы Раджабой Ахмедовпен төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының жоғары дайындық деңгейі мен тәжірибесінің арқасында бірінші раундтың 57-секундында қарсыласына ауыр соққылар сериясын дарытып, техникалық нокаутқа түсірді. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңіс Бауыржан Әлиге берілді.

Бұл жеңіс – қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің әлемдік бокс аренасындағы беделінің биік екенін айқындай түсті.


