«Шебер-FEST – 2026» халықаралық фестивалінің қонақтарының бірі – ТҮРКСОЙ ұйымының «Алтын Самұрық» Гран-при иегері, ЮНЕСКО-ның «Ерекше жетістіктері үшін» сыйлығының және «Наурыз» ұлттық сыйлығының лауреаты, белгілі қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызы.
Шебер фестивальге тоқыма және бізкесте өнерінің 15-20 дана бірегей бұйымын алып келді. Оның жұмыстары қазақтың дәстүрлі тоқу өнерін заманауи сәндік бағытпен үйлестіріп, ұлттық қолөнердің көркемдік ерекшелігін паш етеді.
Көрмеде келушілер ұлттық киім үлгілерімен, тоқыма және кесте бұйымдарымен танысып, шебердің шығармашылық ізденісі мен ұлттық мұраны жаңғыртуға қосқан үлесін көрді. Бұлбұл Кәпқызының әрбір туындысынан ұлттық рух, нәзік талғам және жоғары кәсіби шеберлік айқын аңғруға болады.
Хұсни ХАМЗА


