Бүгін ауданымыздағы Бәйгетөбе ауылындағы спорт кешенінде «Мақат ауданы әкімінің кубогі – 2026» облыстық шахмат турнирі өтті.
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған дүбірлі дода салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.
Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімі Азамат Мәмбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, шахматтың жас ұрпақтың ойлау қабілетін дамытудағы маңызына тоқталды.
Сабыр мен ақылдың, ой мен логиканың сайысында 10-14 жас, ардагерлер арасында, сондай – ақ абсолют жас ерекшеліктері арасында сынға түсті.
Турнир барысында шахматшылар тақта басында өздерінің білімін, тактикалық шеберлігін және логикалық ойлау қабілетін ортаға салды. Әр партия тартысты өтіп, қатысушылар жеңіске деген жігерін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болып, финалдық кезеңге жолдама алды.
Д.Маратұлы



