САХНА ТӨРІНДЕ - ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ

САХНА ТӨРІНДЕ - ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ
(0 Votes)

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр және кино өнерінің абызы Тұңғышбай Жаманқұловтың шығармашылығына арналған «Өнер адамы» атты әсерлі ән кеші өтті.

 Рухани мазмұнға бай шара өнерсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырып, ұлттық өнердің құндылығын тағы бір мәрте айқындады. Кеш барысында өнер иесінің орындауында «Өнер адамы», «Бір күн», «Аңсағанда ауылымды», «Мен күткен махаббат» сынды әндері шырқалып, көрермен жүрегіне жол тартты.

Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар мен жас таланттар да өз өнерлерін ортаға салып, кеш көркін қыздыра түсті. Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы халық әртісіне ыстық ықыласын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, иығына қазақтың шапанын жапты.

 Осылайша, тағылымға толы кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады.

С.Бекарыс,

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT