Орталық алаңында 21 Мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Өнер әлемі» атты мерекелік гала концерт өтті.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бекбол Қуатұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауданның мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.


Мерекелік шара соңында аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Д.Маратұлы



