МАҚАТ ФУТЗАЛ ҚҰРАМАСЫ ТӨРТТІК ФИНАЛДА

МАҚАТ ФУТЗАЛ ҚҰРАМАСЫ ТӨРТТІК ФИНАЛДА
(0 Votes)

Мақаттықтар десе, алдымен көпшілікке футзалшылар ойға оралады. Себебі олар әр ойын сайын жанкүйерлерін қуантып, жарқын жеңістер сыйлауда.

 «Мақат» құрама командасы 30 наурыз – 3 сәуір аралығында Көкшетау қаласында өткен кәсіби клубтар арасында кіші аяқ добынан Қазақстан Республикасының біріншілігінің төртінші айналымында бақ сынасқан болатын.

«Көкше» арена спорт кешенінде төрт ойын өткізген спортшыларымыз алғашқы ойында алматылық «KAIRAT U21» командасымен 1:1 есебімен тең түссе, келесі кездесуде жергілікті көкшетаулық «ELIM AI» командасын 7:5 есебінде айқын басымдықпен жеңді.

Артынша тараздық «TARAZ OMEGA» командасын 7:3 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын төрттік финалға жолдама алды.

Ал, бүгінгі ойында Мақат футзал құрамасы қызылордалық «QYZYLORDA» командасына 4:3 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, бірінші лигага қатысушы 8 команда арасынан жартылай финалға тек 4 команда жолдама алды.

 Чемпиондық сарапқа салынатын бұл тартысты ойындар мамыр айында Астана қаласында өтеді.

С.Бекарыс

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT