Семей қаласында 2010–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында асық атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыстың мақсаты – ұлттық спорт түрі асық атуды кеңінен насихаттау, жасөспірімдердің ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және олардың спорттық шеберлігін шыңдау.
Аталған жарыста Л.Шахатов атындағы орта мектептің 9- сынып оқушысы Махди Жәнібек жоғары шеберлік танытып, ІІ орынды иеленді.
Жас спортшының бұл жетістігі – оның табандылығы мен үздіксіз дайындықтарының нәтижесі.
Бұл ретте Жәнібекке жарысқа тыңғылықты дайындық жүргізіп, жеңіске жетуіне жол ашқан жаттықтырушысы Бақтыгүл Төлегенованың да еңбегі зор.
Ж.ҚАМЗА


