Бүгін Астана қаласында футзалдан Қазақстан Республикасының бірінші лигасының қорытынды ойынында Мақат құрама командасы үшінші орынды еншілеп, жанкүйерлеріне тағы да жеңіс сыйлады.
Кешегі жартылай финалда аудан құрамасы көкшетаулық “Елім-ай” командасына есе жібергенімен, бүгінгі тартысты кездесуде алматылық “Қайрат” командасынан басым түсті.
Нәтижесінде 2-5 есебімен, бірінші лиганың қола жүлдегері атанды.
Осылайша Мақат құрама командасы Қазақстан Республикасының бірінші лигасында үздіктер қатарынан көрініп, аудан абыройы тағы бір мәрте асқақтады.
Маусым бойғы қажырлы еңбек пен үздіксіз жаттығулардың нәтижесінде футболшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жанкүйерлер сенімін ақтады.
Бұл жеңіс команданың ғана емес, ауданның абыройын асқақтатқан айтулы жетістік.
Ә.ҚАСЫМ


