Халыққа көңіл - күй сыйлаған – «Астана сазы»

Халыққа көңіл - күй сыйлаған – «Астана сазы»
(0 Votes)

 Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен «Халық әуені» концерттік – гастрольдік тур жобасы аясындағы «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фолькорлық ансамблінің оркестрлік концерті өтті. 

Гастрольдік сапардың басты мақсаты - тек өнер көрсету ғана емес, ел ішіндегі мәдени байланысты нығайту, әр өңірдің көрерменімен рухани үндестік табу.

 Концерт барысында өнер ұжымы халық әндері мен түрлі аспаптарда өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақберген Батиханұлы құттықтау сөз сөйлеп, Астана сазы қазақ мемлекеттік фолькорлық ансамбіліне аудан әкімінің арнайы алғыс хаты мен ықылас гүлін табыстады.

Д.Маратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT