«ХАЛЫҚТЫҚ» ТЕАТРДЫҢ ТАБЫСТЫ КӨКТЕМІ

«ХАЛЫҚТЫҚ» ТЕАТРДЫҢ ТАБЫСТЫ КӨКТЕМІ
(0 Votes)

Жуырда Исатай ауданында Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі жанындағы Ғатау Рамазанов атындағы «Халықтық» театрының ұйымдастыруымен «Халық театры көктемі – 2026» облыстық байқауы өтті.

 Өнер додасына облыс аудандарынан келген түрлі халық театрлары қатысып, өзара шеберлік сынға түсті. Бұл байқау өңірдегі театр өнерінің дамуына серпін беріп, шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік алаңына айналды.

Аталған байқауға Мақат ауданы жанындағы «Халықтық» театр да өз өнерін ортаға салып, көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Театр ұжымы сахналаған Алина Кенжеғалиеваның «Жұп пен жіп» музыкалық-драмалық қойылымы көркемдік деңгейі, актерлердің шынайы ойыны мен мазмұн тереңдігі арқылы ерекшеленіп, нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иеленді.

Қойылымның қоюшы режиссері Гүлсəт Қолқанатова да кәсіби шеберлігімен дараланып, «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды. Оның сахналық шешімдері мен актерлер құрамын үйлестірудегі еңбегі қазылар тарапынан жоғары бағаланды.

Айта кету керек, «Жұп пен жіп» драмалық қойылымы бұған дейін аудан сахнасында көрермен назарына ұсынылып, жылы қабылдауға ие болған еді. Қойылымның тәрбиелік мәні мен әлеуметтік астары көпшілік көңілінен шығып, рухани әсер қалдырған болатын.

 Жалпы, бұл жетістік – аудан мәдениетінің дамып, өнер саласының өркендеп келе жатқанын айқын көрсетеді.

 С.Бекарыс

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT