Атырау төрінде өткен халықаралық “ШеберFEST - 2026” ұлттық қолөнер фестивалінің бүгінгі күні өз мәресіне жетті. Биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ауқымды шара екі күн бойы ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеледі.
Фестивальдің бүгінгі гала-концерті қазақстандық әнші BAYANSULU өнерімен түйінделіп, көпшілікке ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Дегенмен, фестивальдің рухы мұнымен аяқталған жоқ. Ертең этноауыл аумағында қолөнершілер жәрмеңкесі мен шеберлік сағаттары өз жалғасын табады.
Келушілерге ұлттық бұйымдардың жасалу барысын жақыннан тамашалауға мүмкіндік беріледі. Киіз басу, зергерлік өнер, ағаш өңдеу сынды дәстүрлі қолөнер түрлері тәжірибе жүзінде көрсетіледі.
🖊️Ақтілек Базарбаева


