Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының үздік сегіздігіне енді

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының үздік сегіздігіне енді
(0 Votes)
 

10–17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан параволейболдан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы үздік өнер көрсетуде.

1/8 финалда қазақстандық параспортшылар Польша құрамасын 3:0 есебімен сенімді жеңді. Партиялар 25:18, 25:18 және 25:20 есебімен аяқталды.

Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының үздік сегіз командасының қатарына еніп, жүлделер үшін таласты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ширек финалда ұлттық құрама Руанда құрамасымен кездеседі. Матч 15 шілдеде өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT