ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
(0 Votes)

Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлы жеңіс күніне орай Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Мұса Баймұхановты еске алуға арналған еркін күрестен 2011-2012 жылы туған U-15 жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Ашылу салтанатында аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған бұл турнирге Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Құрманғазы, Жылыой, Мақат аудандарынан келген барлығы 200-ге жуық спортшы қатысты.

11 салмақ дәрежелері бойынша күрескен бұл турнирде аудан спортшылары да жеңістен құр қалмай, 1 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлдені қолжынға салды.

Атап айтқанда, 35 келі салмақта Диас Мағауия І орынды еншілесе, Диас Серік ІІ орынды, Əмірше Омар ІІІ орынды жеңіп алды.

Ал 38 келі салмақта Жандос Жәрдем ІІІ орынды, 41 келі салмақта белдескен Қуаныш Серік ІІ орынды місе тұтты.

Сондай-ақ,  68 келі салмақтағы палуан Нұрхан Мерген ІІ орынды алса, Нұрдаулет Серік ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Ал 75 келі салмақта боз кілемге шыққан Сейілхан Əмірханұлы ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдегер атанса, 85 келі салмақта Нұрбек Саматұлы ІІ орынды, Даулет Сисенбай ІІІ орынды қанағат тұтты.

Сайысқа қатысушылар арнайы диплом, кубок және медальдармен марапатталды.

Б.Серік

Суреттер автордікі

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT