Жақында Астана қаласында 2009-2010 жылы туған ұлдар мен қыздар арасындағы “Алыш” белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ұлттық күрес өнері ұлықталған дүбірлі додада Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары бақ сынап, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.


Атап айтқанда Мадина Ерланқызы мен Тынышбек Мұратұлы қола жүлдеге ие болса, Жансая Нұрқуатқызы екінші орынды жеңіп алып, әлем чемпионатына жолдама алды.
Спортшылардың бұл жеңісінде Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Әділет Тынышқалиев пен Ұлықбек Әбілхайырдың еңбектері орасан зор.

Осы ретте бүгін Мақат вокзалында жеңіске жеткен спортшыларды аудан жұртшылығы зор ықыласпен күтіп алды. Күтіп алу барысында балуандарға құрмет көрсетіліп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

Ә.ҚАСЫМ


