Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты
(0 Votes)

 Қазақстандық теннисші, әлемнің 353-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Сан-Луис Потоси (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. 

 Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 387-ракеткасы, канадалық Дэн Мартинмен аса тартысты матч өткізді.

 Бірінші партияда тай-брейкте Бейбіт басымдылық танытты – 7:6 (7:3).

Екіншісінде Мартин дәл солай қарымта қайырды – 7:6 (8:6).

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы таразы басын аудара алды – 6:4.

Екі сағат 57 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 17 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Мартин 11 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

 Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Чарльстон турнирінде Путинцеваның жарыстың 1-ракеткасымен триллерге татитын матч өткізгенін жазған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT