Астана қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының джиу-джитсу чемпионатында Атырау қаласындағы №50 «Келешек» мектебінің 8-сынып оқушысы Медетқызы Шұғыла жеңімпаз атанды.
Ол 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.
Бұл жетістік – жас спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, жеңіс – ата-анасы мен бапкерлерінің қолдауының да айқын көрінісі.
Айта кетейік, Шұғыла алдағы Азия және Әлем чемпионаттарына жолдама алды.
Н. Насыр


