Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мониторингіне сәйкес, былтыр өңірде 331 412 науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Оның ішінде 252 320 рецепт әлеуметтік әмиян жүйесі арқылы берілген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоғары көрсеткішке қол жеткізген медициналық ұйымдар қатарында Қызылқоға аудандық ауруханасы (99,5%), Индер аудандық орталық ауруханасы (99,2%), №3 қалалық емхана (97,9%), «AV medical» ЖШС (97,5%), «Альянс медицинал» ЖШС (96,6%) және Жылыой аудандық орталық ауруханасы (94,6%) бар.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік әмиян жүйесі арқылы дәрі-дәрмек беру пациенттердің қажетті препараттарды уақытылы әрі ашық алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүйе дәрілік қамтамасыз ету процесінің ашықтығын арттырып, рецепттердің орындалуын тиімді бақылауға жол ашады.


