Медицина қызметкерлері күніне орай «Дәрігерлікті таңдағаныңызға өкінген кезіңіз болды ма?» деген сұраққа Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры, дәрігер акушер-гинеколог Меруерт Айдарханова:
«Медицинаны таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін. Бұл – жүректің қалауы», – деп жауап берді.
Меруерт Айдарханова — 16 жылдан бері акушерия және гинекология саласында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі дәрігер. Оның айтуынша, мамандықтың ең үлкен құндылығы — ана мен бала денсаулығын қорғап, өмірге жаңа келген сәбидің алғашқы сәттеріне куә болу. Ал пациенттердің алғысы мен сенімі — дәрігер үшін баға жетпес марапат.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Меруерт Айдарханова әріптестеріне кәсіби табыс, отбасыларына амандық тілеп, халықты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырды.
#ДеньМедицинскогоРаботника #МедицинаҚызметкерлеріКүні #AqHalat2026




