Донорлық – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ең ізгі әрі сауапты істердің бірі.
Қан тапсыру арқылы донорлар көптеген науқастарға үміт сыйлап, олардың өмірін жалғастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, шұғыл операцияларға, ауыр дертке шалдыққан науқастарға донор қанының маңызы зор.
Сондықтан донорлық мәдениетті дамыту – қоғамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіші.
Барлық донорларға жанашырлығы мен азаматтық жауапкершілігі үшін алғыс білдіремін. Олардың қайырымды ісі көптеген адамның өмірін сақтап қалуға көмектесуде.
М.Әнесұлы
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



