Аудандық еріктілер алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерді

Аудандық еріктілер алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерді
(0 Votes)

«Біз таңдаған жол» жобасы аясында Исатай ауданында «Ауылға жақсылық» Pro Bono бастамасымен еріктілер мен белсенді азаматтарға арналған алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту шарасы өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Әсем Назарова қатысушыларға алғашқы медициналық көмектің негізгі қағидаларын түсіндіріп, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйретті. Сондай-ақ тәжірибелік жаттығулар өткізіп, медициналық волонтерліктің қоғамдағы маңызы туралы баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар алғашқы көмек көрсету тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

– Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру әр азамат үшін маңызды. Бүгін қатысушылар белсенділік танытып, тәжірибелік жаттығулар арқылы білімдерін нығайтты, – деді Атырау облыстық «Азаматтық орталық» КММ аудандық жұмысты үйлестіру бөлімінің маманы Медет Насиханов.

Іс-шара Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, оны Атырау облыстық «Азаматтық орталық» КММ жүзеге асырды.

Мұндай бастамалар тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттырып қана қоймай, төтенше жағдайларда жедел әрі дұрыс әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT