Жаңартылған бағалау жүйесі: аралық бағалау енгізіледі

Жаңартылған бағалау жүйесі: аралық бағалау енгізіледі
фото видеодан алынды
(0 Votes)

 ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова аралық бағалаудың енгізілуі туралы айтты.

📚 Формативтік бағалау оқушының күнделікті оқу барысындағы жетістігін көрсетсе, аралық бағалау белгілі бір бөлім аяқталғаннан кейін меңгерілген білім мен дағдыларды қорытындылауға бағытталады.

📝 Жаңартылған тәртіп бойынша тоқсан соңында бөлек ТЖБ өткізілмейді. Оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесі аралық бағалау арқылы анықталады. Нәтижесінде тоқсан ішіндегі бағалау жұмыстарының саны бір жұмысқа қысқарады.

⏱️ Аралық бағалауда диктант, бақылау, шығарма, мазмұндама секілді жазба жұмыстары негізгі нысандардың бірі болады. Оларды орындауға толық сабақ уақыты – 45 минут беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT