Үздік оқушылар марапатталды

Үздік оқушылар марапатталды
(0 Votes)

Атыраудағы NIS-те ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім алушылар жетістіктері сахна төрінде ұлықталды.

Рәсімде «Үздікке үміткер оқушы», «Үздік оқушы» аталымдары бойынша дипломдар, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының (қолданбалы математика, химия) ІІІ орын жүлделері, бірлік пен қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін алғыс хаттар, волонтерлік қызметі үшін сертификаттар, облыстық «Инновациялық идеялар» байқауының І, ІІ, ІІІ орындары, SpeakUp бағдарламасына қатысқаны үшін марапаттар, «Оралхан Бөкей әлемінде» байқауының ІІІ орны, конференциядағы «Үздік спикер» номинациясы, «Мир Фараби» халықаралық конференциясына қатысқаны үшін марапат, «ProEco» жобалар байқауының ІІІ орны, «Қазақстандық білім олимпиадасының» ІІІ дәрежелі дипломы, «Ұлттық тарих күні» байқауының І орны және «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша республикалық олимпиададағы жоғары жетістік иелеріне табысталды.

Бұл жетістіктер – білімге деген табандылық пен үздіксіз ізденістің айқын көрінісі. Ендеше, соңғы тоқсан да жетістікке толы болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT