«Шығармашыл ұстаз – 2026» мектепішілік байқауы қорытындыланды 

«Шығармашыл ұстаз – 2026» мектепішілік байқауы қорытындыланды 
(0 Votes)

27 сәуір күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған «Шығармашыл ұстаз – 2026» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

* Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін айқындау және озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау;
* Жаңартылған білім мазмұны аясында заманауи инновациялық технологияларды қолдану шеберлігін арттыру;
* Дарынды, ізденімпаз ұстаздарға қолдау көрсету және кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Дүбірлі додада ұстаздар педагогикалық шеберліктерін паш етіп, нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды:
🎉 Бас жүлде: Жуманова Айсауле (Қалалық кезеңге жолдама алды) 
🥇 1-орын: Бердешова Зульфия 
🥈 2-орын: Мурзагалиева Гүлнар, Берекешова Маншук 
🥉 3-орын: Сейтханова Гулзамира, Сүйінғалиева Әзиза
📢 «Алғыс хат» иегерлері: Белсенді қатысып, жаңашыл идеяларымен бөліскен Қазиева Айнұр, Губашева Айсұлу, Алдабергенова Жадыра және Аманкулова Айша әріптестерімізге алғыс білдіреміз.
Әрбір ұстаздың еңбегі еленіп, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер. Қалалық кезеңге жолдама алған Жуманова Айсаулеге сәт сапар тілейміз! 🏆

Атырау Қалалық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
#атырауқаласы47ортамектеп

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT