Республикалық ғылыми жобалар байқауынан жүлдегер атанды

(0 Votes)


Жуырда NIS оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары атанған болатын.

Білім бәйгесінде асығы алшысынан түскендер тізімінде Атыраудағы NIS зияткерлері де бар. Атап айтқанда, 12-сынып оқушысы Жанерке Ерболатова (Жетекшісі Рахымжан Қосанов) «химия» секциясы бойынша, ал, 11-сынып оқушысы Ералы Қайратбекұлы – «Қолданбалы математика» секциясы бойынша (жетекшісі Сағдат Сапанов) жүлделі 3-орындарды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты.

Айта кету керек, бұл додада NIS қоржыны 24 алтын, 21 күміс және 21 қола медальмен толықты.Жүлдегер жас ғалымдарымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT