№50 Келешек мектебінде далалық оқу-жаттығу жиыны өтті

№50 Келешек мектебінде далалық оқу-жаттығу жиыны өтті
(0 Votes)

2026 жылдың 18-22 мамыр аралығында Атырау қаласындағы №50 «Келешек мектебінде» 10-сынып оқушыларына арналған бес күндік далалық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оған барлығы 55 оқушы, оның ішінде 14 ұл және 41 қыз бала қатысты.

Оқу-жаттығу жиыны мектеп базасында өтіп, оның негізгі мақсаты – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту, қарулы күштердің мәртебесін арттыру, оқушыларды Отанды сүюге және қорғауға баулу болды.

Бағдарлама аясында ұл балаларға әскери дайындық бағытында теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізілсе, қыз балалар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дәрістер мен тәжірибелік жұмыстарға қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар саптық дайындық, әскери тәртіп, қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайда әрекет ету тәсілдерін меңгерді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT