№49 «Келешек» мектебінің оқушылары табиғат аясында кітап оқыды

№49 «Келешек» мектебінің оқушылары табиғат аясында кітап оқыды
фото видеодан алынды
(0 Votes)

Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №49 «Келешек» мектебінің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Табиғат аясында кітап оқимыз» жобасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітаптың кез келген ортада, соның ішінде табиғат аясында да қызықты әрі пайдалы серік бола алатынын көрсету.

Жоба барысында оқушылар ашық аспан астында кітап оқып, оқыған шығармалары бойынша өзара пікір алмасты. Табиғат аясындағы еркін орта балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар шара жас оқырмандардың экологиялық және эстетикалық тәрбиесін дамытуға бағытталды. Табиғаттың тыныштығында кітап оқу арқылы оқушылар қоршаған ортаны бағалауды, табиғатпен үйлесімде өмір сүрудің маңызын түсінді.

Мұндай танымдық іс-шаралар балалардың рухани дамуына ықпал етіп, кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға септігін тигізеді.

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT