№46 «Келешек» мектебінде жазғы бейіндік лагерь ашылады

№46 «Келешек» мектебінде жазғы бейіндік лагерь ашылады
(0 Votes)

Атырау қаласындағы №46 «Келешек» мектебінде 2026 жылдың 1–12 маусым аралығында оқушыларға арналған жазғы бейіндік лагерь жұмыс жасайды.

Лагерь бағдарламасы оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға, білімдерін толықтыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Демалыс кезеңінде қатысушылар түрлі білім беру және танымдық бағыттар бойынша сабақтарға қатыса алады.

Лагерьде қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, математика, еңбек, информатика бағыттары бойынша сабақтар өткізіліп, футбол мен үстел ойындары ұйымдастырылады.

Мектеп ұжымы жазғы лагерь оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізуге, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бейіндік лагерь 1–12 маусым аралығында №46 «Келешек» мектебінің базасында өтеді.

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT