“Менің сүйікті кітабым” атты эссе байқауы өтті

“Менің сүйікті кітабым” атты эссе байқауы өтті
(0 Votes)

 Атырау қаласындағы №46 “Келешек” мектебінде онкүндік аясында оқушылар арасында “Менің сүйікті кітабым” тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды. 

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өз ойын жүйелі әрі сауатты жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

 Эссе жазу барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап, алған әсерлерін көркем тілмен жеткізді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Аталған жұмысты ұстаздар Каюпова Нуржанар мен Сейткереева Жанаргүл жүргізді.

Н.Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT