Атырау қаласындағы №48 «Келешек» мектебінде оқушыларға арналған жазғы салалық лагерь жұмысын бастады.
Лагерь биылғы 25 мамыр мен 1 маусым аралығында ұйымдастырылды.
Жазғы лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық, спорттық және танымдық қабілеттерін дамыту. Бағдарлама аясында балалар түрлі бағыттағы үйірмелерге қатысып, қызықты тренингтер мен спорттық ойындарға, интеллектуалдық сайыстарға қатысады.
Сонымен қатар лагерь барысында оқушылар жаңа достар тауып, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр бала өз қызығушылығына сай бағыт таңдап, белсенді демалыс өткізуге мүмкіндік алады.
Нұргүл Насыр


