«Білім трансформациясы: идеядан тәжірибеге» атты аймақтық конференциясы мәресіне жетті

(0 Votes)

Атырау қаласындағы NIS-те «Білім беруді трансформациялау: идеядан тәжірибеге» тақырыбындағы I аймақтық ғылыми-практикалық конференция табысты өтті.

Ауқымды шара білім беру саласының түрлі деңгейдегі өкілдерін бір алаңға жинап, педагогикалық тәжірибе алмасу мен заманауи білім беру үрдістерін талқылаудың тиімді алаңына айналды. Конференцияға жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, мектеп басшылары мен мұғалімдер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын барысында қатысушылар білім берудегі өзекті мәселелерді көтеріп, оқыту мен бағалаудағы инновациялық тәсілдерді ортаға салды. Әсіресе, тәжірибеге негізделген зерттеулер мен нақты нәтижелерге сүйенген баяндамалар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл өз кезегінде педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін берді.

Конференция онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға кеңінен қолжетімді болды. Сонымен қатар, ұсынылған ғылыми мақалалар іріктеліп, электронды жинаққа енгізілмек. Бұл – ұстаздардың ғылыми еңбегін жүйелеп, оны көпшілікке таратуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Шара аясында спикерлер өз тәжірибелерін ұсынып қана қоймай, өзара пікір алмасып, жаңа идеялардың туындауына ықпал етті. Қатысушылар үшін бұл конференция тек білім алаңы емес, кәсіби байланыстар орнатудың тиімді мүмкіндігі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT