АУДАННЫҢ “АЛТЫН БЕЛГІ” ИЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЙЫ ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

АУДАННЫҢ “АЛТЫН БЕЛГІ” ИЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЙЫ ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мектепті үздік тәмамдап, «Алтын белгі» иегері атанған түлектерге төсбелгі табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Азамат Мәмбетов білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ - еліміздің жарқын болашағының кепілі екендігін айтып, жас түлектерге сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, дарынды жастарды тәрбиелеу жолындағы жетістіктерді айшықтайтын айтулы сәтте ауданымыздың «Алтын белгі» иегерлеріне арнайы төсбелгілері
мен аудан әкімінің алғыс хаты және қаржылай сертификатты табыс етті.

Айта кетейік, “Алтын белгі” иегерлерінің қатарында Ұлттық біріңғай тестілеуден 137 балл жинаған шәкірттеріміз де бар.

Бұл ауданымыздағы білім сапасының жоғары деңгейде екендігінің айқын көрсеткіші.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT