Атыраулық оқушы Kundelik.kz жобасы аясында 100 000 бонус ұтып алды

Атыраулық оқушы Kundelik.kz жобасы аясында 100 000 бонус ұтып алды
(0 Votes)

Атыраудағы №49 “Келешек” мектебінің 4 “Б” сынып оқушысы Сұлтанұлы Қуаныш Kundelik.kz жобасы аясында ұйымдастырылған ынталандыру бағдарламасының жеңімпазы атанып, Халық Банкінен 100 000 бонус иеленді.

Жоба оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, цифрлық платформаны тиімді пайдалануға және оқу процесіндегі белсенділікті қолдауға бағытталған. Қуаныштың бұл жетістігі — оның білімге деген ынтасы мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі.

Мектеп ұжымы жас жеңімпазды жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да оқуда озат болып, биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT