Атыраудағы №46 «Келешек» мектебінде ата-аналар жиналысы өтті

Атыраудағы №46 «Келешек» мектебінде ата-аналар жиналысы өтті
фото видеодан алынды
(0 Votes)

Атырау қаласындағы №46 «Келешек» мектебінде бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды.

Жиын барысында мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ата-аналарға оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шараларда қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында мектептің ішкі тәртіп ережелері таныстырылып, ата-аналардың бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі сөз болды. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Мектеп ұжымы оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз ету білім беру ұйымының ғана емес, ата-аналар мен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT