Атыраудағы №47 Келешек мектебінде «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
1 тамыздан басталған дәстүрлі акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету. Акция аясында оқушыларға мектеп сөмкесі, оқу құралдары мен кеңсе тауарлары, дәптер, мектеп формасы, аяқ киім және басқа да қажетті заттар түрінде көмек көрсетіледі.
№47 Келешек мектебі кәсіпкерлерді, ұйымдар мен мекемелерді және барша азаматтарды қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырады.



