Атыраудағы “Келешек” мектебінде математика сабағы ерекше форматта өтті

Атыраудағы “Келешек” мектебінде математика сабағы ерекше форматта өтті
(0 Votes)

№48 «Келешек» мектеп-те математика пәні бойынша ерекше форматтағы сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушыларға чипстер арқылы түрлі тапсырмалар ұсынылып, білім беру үдерісі қызықты әрі тартымды өтті. 

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы чипске қол жеткізіп, ойын элементтері арқылы жаңа тақырыпты меңгерді. Мұндай тәсіл балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Креативті әдіспен өткен сабақта оқушылар белсенділік танытып, ерекше әсерге бөленді. Білімді ойынмен ұштастырған бұл формат оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, оқу үдерісін жеңіл әрі қызықты ете түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT