Атырауда «Талап бар жерде тәртіп бар» тақырыбында жастармен екі кездесу өтті

(0 Votes)

2026 жылғы 11 наурызда Атырау қаласында Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Талап бар жерде тәртіп бар» тақырыбында жастармен екі тағылымдық кездесу өтті.

Алғашқы кездесу Атырау қаласындағы Энергетика және құрылыс колледжінің студенттерімен өткізілсе, екінші кездесу №40 орта мектептің оқушыларымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында заңға құрмет, тәртіп мәдениеті мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесулерге құқық қорғау органдарының өкілдері, танымал спортшылар, спорт ардагерлері, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, жалпы саны 100-ге жуық адам қамтылды.

Халықаралық жарыстардың жүлдегері Аида Хайруллина, Сейтов Алихан, Каштенбай Азамат және спорт мектебінің директоры Данияр Юсупов жастармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, спорттағы тәртіп, еңбекқорлық және мақсатқа адалдықтың табысқа жетудегі маңызы туралы айтты.

Спикерлер жастарды заңды құрметтеуге, уақытты тиімді пайдалануға, спортпен тұрақты айналысуға және алға қойған мақсаттарына табандылықпен жетуге шақырды. Кездесулер еркін пікір алмасу форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Шара соңында ұйымдастырушылар мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық рухын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға оң ықпал ететінін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT