Атырауда “Құндылыққа негізделген білім және жасанды интеллект дәуірі – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі” тақырыбында білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы өтті. Дәстүрлі жиынға 500-ден астам педагог, білім беру мекемелерінің басшылары мен білім саласының сарапшылары қатысты.
Конференцияда адами капиталды дамыту, оқу процесіне жасанды интеллектіні енгізу, цифрландыру және білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов соңғы үш жылда өңірде 17 жаңа мектеп пайдалануға берілгенін, ал биыл жалпы есеппен 4 500 орындық 7 мектеп ашылатынын атап өтті.
Жиында өңірдің білім саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан үздік білім беру ұйымдары мен педагогтер марапатталды.